Шымкентте жеңілдетілген бағада жанар-жағармай таратушы 4 оператор бекітілді

0
870

Шаруалар 30 маусымға дейін жеңілдетілген дизель отынын алу үшін басқармаға тиісті құжаттарын өткізіп үлгеру керек.


Шымкентте жеңілдетілген бағада жанар-жағармай таратушы 4 оператор бекітілді

Көктемгі дала жұмыстарына арзандатылған жанар-жағармай босату жөнінде Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Талғат Мекембаев брифинг өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінгі таңда жеңілдетілген бағада жанар-жағармай таратушы 4 оператор анықталды. Ол "Sapaly Munai", "АЗК Алмаз", "Иксан групп" және "Шахат инвест" ЖШС-лер. Дизельді отынның литрі 189 теңге болып бекітілді. Бүгінге дейн 290 тонна арзандатылған жанар-жағармай босатылып үлгерді. Жалпы көктемгі және күзгі дала жұмыстарына 2000 тонна жанар-жағармай бөлінген,- деді Талғат Тойлыбайұлы.
Сонымен бірге спикер өз баяндамасында шаруаларды 30 маусымға дейін жеңілдетілген дизель отынын алу үшін басқармаға тиісті құжаттарын өткізіп үлгеру қажеттігін жеткізді.