Шымкентте жол белгілері жаңартылды

0
696

Биылғы жылы 5 орында жаңа бағдаршам, 10 орында белсенді жаяу жүргіншілер өткелі орнатылған.


Шымкентте жол белгілері жаңартылды

Шымкент қаласында жол белгілері жаңартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Е.Жолдасовтың 9 айда атқарған қорытынды жұмысы бойынша, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 215 шақырым жол таңбалары сызылып, 150 шақырымды термопластик және 65 шақырымды акрильді краскамен сызу жұмыстары атқарылған.
Қала тұрғындарының жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, Абай ауданы бойынша 12 орын, Әл-Фараби ауданында 36 орын, Еңбекші ауданында 17 және Қаратау ауданы аумағында 3 орында жол таңбаларына кедергі келтіретін ағаш орындары ауыстырылған.

Айта кетейік, қаладағы асфальт жолдың жалпы ұзындығы – 2029,2 шақырымды құрайды. Ал, сол жол бойына биылғы жылы 5 орында жаңа бағдаршам, 10 орында белсенді жаяу жүргіншілер өткелі орнатылған.