Әлеуметтік желіде "полицейді көлік соқты", "мерт болды" деген қауесет тарады.
фотоскрин: ашықдереккөзден
Шымкентте 22 қараша күні кешкі уақытта жол полициясы қызметкері көше ортасында құлап қалған. Жол полициясы қызметкерінің бұл халі түсіп қалған видео мен "полицейді көлік соққан" деген шындыққа жанаспайтын ақпарат әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
22 қараша күні қарлы жаңбыр астында жол қозғалысын реттеп тұрған жол полициясы қызметкерінің денсаулығы сыр беріп, дәл жолдың қиылысында құлап қалған. Көмекке келген әріптестері экипажбен ауруханаға жеткізген.
Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Әсел Сәденова мәлімдеді.
"Таңнан кешке дейін жол қозғалысын қадағалап қызметте тұрған полицейдің сіңірі тартылып қалған. Денсаулығы сыр беріп суықтап та жүрген екен. Ал "көлік қағыпты немесе мерт бопты" деген ақпарат жалған. Шындыққа жанаспайтын ақпарат тарату ҚР заңымен жаза көзделгендігін ескертеміз,"- дейді Әсел Сәденова.