Қазіргі таңда Әл-Фараби ауданы аумағында 9 орында субұрқақтар орналасқан.
Шымкент қаласында қыс мезгілінде уақытша тоқтатылған ауызсу бұрқақтары қайта іске қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қазіргі таңда Әл-Фараби ауданы аумағында 9 орында субұрқақтар орналасқан:
Тұрғындардың алаңсыз су ішуі үшін онда суға арналған сүзгі (АКВАФОР фильтр) қойылған Тіршілік көзі бей-берекет ақпайды, тек қажет кезде ғана арнайы батырманы басып пайдалануға арналған.
Еске сала кетейік, 2021 жылы Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында демеушілер есебінен адам көп шоғырланған 6 орынға ауызсу бұрқақтары орнатылған болатын.
Айта кетейік, Биыл Шымкент қаласын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі толығымен шешіледі. Ол үшін биыл қаладағы 5 елді мекенде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін ақталады. Нәтижесінде 72 мыңнан астам адам орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылу мүмкіндігіне ие болады. Қазіргі таңда Қайнарбұлақ елді мекенінде ауыз су құбыры тартылып жатыр. Бұл жерде бүгінде ауыз су кесте бойынша сағаттап беріледі. Қайнарбұлақ елді мекенін таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында бюджеттен 6,7 миллиард теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде өткен жылы 2,9 миллиард теңге игерілген болса, биылғы жылға 3,8 миллиард теңге бөлініп отыр. Бұл қаржыға жалпы ұзындығы 329,8 шақырымды құрайтын ауыз су жүйелері жүргізіледі. Қазіргі таңда мердігер мекеме – «Мелиоратор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмысты қарқынды түрде жүргізіп жатыр.