Шымкенттегі Бөбектер үйінде Наурыз мейрамы тойланды

0
766

Балалар қонақтарға ән айтып, би билеп, өнерлерін көрсетті.


Шымкенттегі Бөбектер үйінде Наурыз мейрамы тойланды

ERNUR.KZ. Бүгін Шымкент қаласындағы бөбөктер үйінде “Наурыз - мерекем, Наурыз берекем" атты қайырымдылық іс-шарасы өтті.

Іс-шараға қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, мекеме демеушілері мен кәсіпкерлер қатысты.
Мерекелік шара кезінде бөбектер үйіндегі тәй-тәй басып келе жатқан бүлдіршіндердің тұсау кесу рәсімі өткізілді. Қайырымдылық шарасында бүлдіршіндерге сыйлықтар тарту етіліп, мерекелік дастарханда бүлдіршіндерге «Наурыз көже» берілді.
Шара соңында балалар қонақтарға ән айтып, би билеп, өнерлерін көрсетті.
Айта кетейік, қалалық денсаулық сақтау басқармасына қарасты бөбектер үйінде қазірде 41 бала тәрбиеленуде. Орталықта 4 жасқа дейінгі жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, сонымен қатар ақыл-ой және дене дамуында ақаулықтар кездесетін балаларға мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі.