Шымкенттегі ірі базарлардың бірінен өрт шықты

0
352

Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.


Шымкенттегі ірі базарлардың бірінен өрт шықты

Бүгін 9 тамыз күні сағат 11:25 -те Төтенше жағдайлар департаментінің жедел орталығына Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Темірлан тас жолы бойындағы Автонұр базарында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Өрт орнына келу барысында Автонұр базары жанында орналасқан жеке кәсіпкерге қарасты сауда бутиктерінің және асхананың жанып жатқаны анықталды. Өрт 8 киім дүкені мен асханада болды. Өртті сөндіру үшін штаб құрылды.Үздіксіз су беру жұмыстары жүргізілді. Өрт сөндірушілердің жедел әрекеті нәтижесінде өрт көршілес тұрған Автонұр базарына таралуына жол берілмеді және іргелес жатқан кәсіпкерлердің мүлкін өрттен қорғап қалды. Өрттің алаңы 500 ш.м. құрады", - делінген хабарламада.
Өрт сағат 12:30-да оқшауланып, сағат 13:11-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.
Өрттің шығу себебі болжам бойынша ,отты абайсызда пайдалану және электр сымдарының қысқа тұйықталуы.
Өрт сөндіруге ТЖД, ПД, ЖМКБ, ЖАО жеке құрамынан 140-қа жуық адам, 50 бірлік техника жұмылдырылды.