Шымкенттегі медицина мекемелері Түркістан облысынан бөлінді

0
2 087

Облыстық клиникалық аурухана дәл баяғыша облыс тұрғындарымен қатар, қала тұрғындарына да көмек көрсетеді.


Шымкенттегі медицина мекемелері Түркістан облысынан бөлінді

Шымкент қаласындағы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Қасымов барлық медициналық мекемелер әкімшілік бағыныстылығына қарамастан, халыққа бұрынғыша көмек көрсете беретіндігін жеткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Яғни, облыстық клиникалық аурухана дәл баяғыша облыс тұрғындарымен қатар, қала тұрғындарына да көмек көрсетеді. Ал, егер, қаланың иелігіне өткен кардио орталыққа келер болсақ, тұрғын қалада немесе Түркістан облысындағы тұрғылықты мекенжайына қарамастан аурухана көмегіне жүгіне алады.

Тұрғындарға әкімшілік бөлініс әсер етпей, баяғыша қажет кезде көмек ала беруі керек. Мұны екі әкімдік те, Денсаулық сақтау министрлігі де қолдап отыр. Сондықтан, облыста және қалада тиісті медұйымдар болмағанша осылай жалғаса бермек» - деп атап өтті басқарма басшысы.

Еске салсақ, аумақтық бөліністен соң Түркістан облысының меншігінде облыстық клиникалық аурухана, балалар ауруханасы, екі перинаталды орталық, туберкулезге қарсы және психоневрологиялық диспансер қалған болатын.