Қорғаныс министрлігінің өкілдері Шымкентте сарбаз бен оның бауырының неден қайтыс болғанын айтты.
Қорғаныс министрлігінің өкілдері Шымкентте сарбаз бен оның бауырының неден қайтыс болғанын айтты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
"Сарбаз бен оның бауыры газдан уланған, бауыры Шымкентте сауда орталығында сатушы болып жұмыс істеген. Осыған дейін БАҚ-тарда екі сарбаздың қайтыс болғаны туралы хабарланды, ол қате мәлімет", - деді министрлік өкілдері редакция тілшісіне.
Осыған дейін Шымкенттің ТЖД қызметкерлері № 556/52 әскери бөлімінің екі қызметкері қайтыс болғанын хабарлаған болатын. Бірақ министрлік ол ақпаратты жоққа шығарды.
"Қайтыс болғандардың бірі - офицер, шені - аға лейтенант. Оның бауыры - әскери қызметкер емес. Олар осы жалдамалы пәтерде бірге тұрған. Қайғылы оқиға қызметтен тыс уақытта болған", - деді Қорғаныс министрлігіндегілер.
Министрлік қайтыс болғандардың отбасына көңіл айтады.