Шымкенттегі табысты жастар «Soyle» жобасы аясында бас қосты

0
1 331

Аталған конференцияны жастарды әр түрлі сферадағы табыстың жолын көрсету және бизнес саласының қыр-сырларын үйрету үшін ұйымдастырған.


Шымкенттегі табысты жастар «Soyle» жобасы аясында бас қосты

Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығында табысты жастар жиналған «Soyle» жобас өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтсақ, бұл жолғы конференцияда әртүрлі бағыттағы жастар бір алаңда жиналып, жиналған қауымға еңбек жолдарын қалай бастағанын айтып берді. Олардың ішінде жетістікке жеткен фотографтар, кәсіпкерлер, журналистер және т.б бар.

Сол спикерлердің арасынан «National Geographic» журналының Шымкенттегі меншікті фотографы және кеңесшісі, халықаралық көрмелердің қатысушысы Мақсат Шағырбай өз ісінің қызығы мен қиыншылығын көрерменмен бөлісті. Сонымен қатар, жас кәсіпкер Дінмұхамед Даулет атты жас кәсіпкер брендтік жобаға қалай қол жеткізуге болатыны жайлы әңгіме өрбітіп, кофе-бар бизнесіндегі тәжірибесін жастармен бөлісуге ниет білдірді.

Сондай-ақ, аталған іс-шара барысында орталық басшысының орынбасары Данияр Алан бұл конференцияның Жастар ресурстық орталығының қолдауымен екінші рет ұйымдастырылып жатқанын айтты.

«Біз «Soyle» конференциясын жастарды әр түрлі сферадағы табыстың жолын көрсету және бизнес саласының қыр-сырларын үйрету үшін ұйымдастырдық. Біздің спикерлер тек өз жетістіктерін ғана емес, сонымен бірге, пайдалы білімдерімен бөлісіп жатыр», - дейді орталық басшысының орынбасары Д.Алан өз сөзінде.