Шымкенттік белсенді Руслан Жанпейісов ТЖ режимін бұзғаны үшін 35 тәулікке қамалды

0
2 112

Сот қарауы барысында құқық бұзушы 12 сәуір күні сағат 20:40 шамасында өз көлігімен карантин кезіндегі белгіленген талаптарды бұзып, қаланың өзі тұрмайтын және жұмыс орыны орналаспаған​ басқа аумағында жүргені анықталған.


Шымкенттік белсенді Руслан Жанпейісов ТЖ режимін бұзғаны үшін 35 тәулікке қамалды

Халық арасында Руслан Жанпейісов атымен танымал қоғам белсендісі сот қаулысымен 35 тәулікке қамалды деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бүгін 14 сәуір күні Шымкент қалалық мамандандырылған әкімшілік істер жөніндегі сотында Б.К.Раимбековке қатысты осындай қаулы шығарды.

Әлеуметтік желілерде Руслан Жанпейісов ретінде танымал Шымкент қаласының тұрғыны Раимбеков Бибарыс Кенжеғалиұлы ҚР ӘҚБТК-нің екі бабы бойынша кінәлі деп танылды.

Сот қарауы барысында құқық бұзушы 12 сәуір күні сағат 20:40 шамасында өз көлігімен карантин кезіндегі белгіленген талаптарды бұзып, қаланың өзі тұрмайтын және жұмыс орыны орналаспаған басқа аумағында жүргені анықталған.

Сонымен қатар құқық бұзушы сол күні, яғни 12 сәуір күні төтенше жағдай режимінің енгізілуіне қарсы пікірін білдіріп тікелей эфирде құқық бұзушылыққа арандатқан. Тікелей эфирде төтенше жағдай режимінде қызметтік өкілеттігін атқарып жүрген құзырлы орган қызметкерлеріне кедергі келтірген. Шымкент қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен белгілі блогер, қоғам белсендісі Руслан Жанпейісов 35 тәулікке қамауға алынды.
"Раимбеков Б.К. ҚР ӘҚБТК-нің 47 бабы бойынша 10 тәулікке және 478 бабы бойынша 25 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Қаулы қабылдау барысында Раимбеков Б.К. құзырлы тұлғалаодың ескертуіне қарамастан құқық бұзушылығын жалғастырған тәртібі ескерілді,"- деп мәлімдеді Шымкент қалалықсотының баспасөз қызметі.
Айта кету керек, сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.