​ШЫМКЕНТТІК БОКСШЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

0
807

4 қарсыласын айқын басымдықпен жеңді.


​ШЫМКЕНТТІК БОКСШЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

ERNUR.KZ. Армения елінің Ереван қаласында бокстан жасөспірімдер арасында Әлем біріншілігі өтті. Байрақты бәсекеде шымкенттік спортшы Нұрасыл Төлебек алтын медальға қол жеткізді.

Жерлесіміз 52 келі салмақта бақ сынап, тұғыры биік жеңіс жолында 4 қарсыласын айқын басымдықпен жеңді.
Әлем чемпионы атанған Нұрасыл Төлебек — Шымкент қаласы Бокс клубының шәкірті, Думан Байтелиев жаттықтырады.
Айта кетейік, 58 мемлекеттен 357 былғары қолғап шебері қатысқан дүбірлі додада Шымкент қаласынан 3 спортшы ел намысын қорғады.