Шымкенттік кәсіпкерді тапсырыспен өлтірген күдікті ұсталды

0
1 049

Аталған қылмысқа күдікті Түркістан облысының тұрғыны болып шықты.


Шымкенттік кәсіпкерді тапсырыспен өлтірген күдікті ұсталды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкентте өз үйінің алдында оққа ұшқан кәсіпкер тапсырыспен өлтірілген күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

7 қыркүйек күні Шымкент қаласы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ағымдағы жылдың 19 шілдесінде шымкенттік кәсіпкерді өз үйінің маңында тапсырыспен өлтірген күдіктіні ұстады және Түркістан облысының тұрғынына сот санкциясымен күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.

Сондай-ақ, тергеу барысында қылмыс серіктесінің тапсырысымен жасалғаны, ол өз кезегінде ортақ фирманың бюджетінен ірі мөлшердегі ақшаны өз пайдасына жаратқаны анықталған. Сонымен қатар, қылмысқа тапсырыс беруші ағымдағы жылдың 25 шілдесінде ұсталып, кінәсін толық мойындаған және қазіргі таңда ол қамау абақтысында. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Еске сала кетейік, осының алдында Шымкенттік тұрғынды өз үйінің алдында атып кеткені жайында хабарлаған болатынбыз.