​Шымкенттік ХҚКО-лар Тәуелсіздік Күніне орай акция өткізді

0
678

Дәстүрге айналған бұл іс-шара өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін оятуға бағытталған.


​Шымкенттік ХҚКО-лар Тәуелсіздік Күніне орай акция өткізді

ERNUR.KZ. Мемлекеттік корпорация Тәуелсіздік күніне орай акция ұйымдастырды. Осылайша, таңертеңнен бастап ХҚКО қызметкерлері жеке куәлігін алғаш реет алған клиенттерге «Қазақстан» шоколады мен кәдесый жалаулары таратуға кірісті.

Дәстүрге айналған бұл іс-шара өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін оятуға бағытталған.

Айта кетейік, Шымкентте бір жыл ішінде 70 мыңнан астам алғашқы жеке куәлік берілді. Деректерге сәйкес, көбінесе жас азаматтар маусым айында мемлекеттік қызмет алуға өтініш білдірді. Айтпақшы, қазақстандықтар жеке басын куәландыратын бұл құжатты 16 жасында алады.
«Елдегі басты мерекелердің бірі қарсаңында біз алғаш реет жеке куәлік алып отырған жас қазақстандықтарды атап өткіміз келді. Құжатпен бірге Қазақстанның рәміздері бейнеленген шағын сыйлықтарды табыс еттік. Бұл жастарды адамгершілікке, отан сүйгіштікке тәрбиелеуге оң әсерін тигізеді деп ойлаймыз», – деді мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.
Шоколад пен жалаушаларды таратқан ХҚО қызметкерлерінің айтуынша, кәдесый алған жастар таңғалып, қуанып қалды. Оларды Мемлекеттік корпорация қызметкерлері ғана емес, басқа қызметалушылар да құттықтады.