Осы жарты күннің ішінде мемлекеттік қызметкерлер, өрт сөндірушілер, мәдениет, медицина саласының қызметкерлері және тағы басқа да түрлі сала мамандарын фотоға түсіру жоспарлануда.
Елімізде «Тұлғалар мен цифрлар арқылы Қазақстанды сүю» атты ауқымды фото-көрме өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы қоғам қайраткері, жазушы Жан Ақжанов брифинг барысында мәлімдеді.
Ауқымды көрменің негізгі мақсаты – әр өңірдің көрікті, тарихи жерлерін басқа аймақтарға таныстыру. Фото көрмеде танымал тұлғалар мен тарихи жерлер көрсетіледі.
Аталған жоба еліміздің барлық облыс және аудан орталықтарында ұйымдастырылатын болады. Әр өңірде екі күннен 4 шілде мен 4 тамыз аралығында сурет түсіріліп, дайындық жұмыстары жүргізіледі. Көрмеге әр өңірден 3-4 сурет комиссия арқылы іріктеліп, 80-ге жуық фото қойылады. Фото-көрме 18 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өткізіледі.
Жоба авторы екі айдан астам уақыт көлемінде еліміздің барлық өңірінде іс-сапарда болатынын жеткізді.Қажетті материалдар жинақталған соң, арнайы құрылған комиссияға ұсынатын болады. Фото көрмеде танымал тұлғалар мен тарихи жерлер көрсетіледі. Қажетті материалдар жинақталған соң, арнайы құрылған комиссияға ұсынатын болады.
Сондай-ақ, көрмеге мемлекеттік қызметшілердің имиджін арттыру мақсатында түсірілген фотолар да қойылатын болады.
Сонымен қатар Шымкент қаласынан мемлекеттік қызметшінің имиджін арттыру мақсатында мемлекеттік қызметшілер де қатыстырылуда. Осы жарты күннің ішінде мемлекеттік қызметкерлер, өрт сөндірушілер, мәдениет, медицина саласының қызметкерлері және тағы басқа да түрлі сала мамандарын фотоға түсіру жоспарлануда.
Айта кетейік, жоба аясында тек тарихи және мәдени емес, еліміздің өзге де қонақжайлылығын паш ету жоспарда бар. Осы шараның арқасында қазақстандықтар, жастар еліміздің киелі жерлерімен таныса алады. Тіпті мемлекеттік қызметтің жұмысын да осы көрме арқылы білуге болады. Бұл жоба көпшілікке қолжетімді. Тұлғалар мен цифрлар арқылы елімізді таниды. Жұртшылық оны келесі жылдың сәуіріне дейін тамашалай алады.