Шымкенттік полицей 2 млн теңге пара алу кезінде ұсталды

0
945

Полиция қызметкері уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды.


Шымкенттік полицей 2 млн теңге пара алу кезінде ұсталды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкенттік полицей 2 миллион теңге пара алу кезінде ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, 25-желтоқсан күні Абай АПБ-ның қызметкері алаяқтық қылмысына қатысы бар азаматшаға Қаратау аудандық соты үкімінің оң шешілуіне жәрдемдесу үшін 2 миллион теңге көлемінде қаражат алу барысында ұсталған.

"Бұл факты бойынша Полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы ҚР ҚК-тің 190-бабымен “Алаяқтық” қылмыстық іс тіркеді", - делінген баспасөз хабарламасында.

Құқық бұзушылықты жасаған қызметкер уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.