Шымкенттік спортшылар сегіз айда 400-ден астам алтын медальға ие болған

0
387

Қазақстан Республикасының чемпионаттары, кубоктары мен біріншіліктеріне қатысып, 408 алтын, 315 күміс, 352 қола медаль жеңіп алған.


Шымкенттік спортшылар сегіз айда 400-ден астам алтын медальға ие болған

«Antikor.Live» жобасы аясында Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бауыржан Тұманбаев аталған салада 8 айда атқарылған жұмыстармен таныстырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Аntikor ortalyǵy» сервистік орталығының алаңында өткен эфир барысында спорттық үйірмелерді жан басына шаққандағы қаржыландырудың іске асырылуы, спорттық инфрақұрылымды дамыту, спорттық жетістіктер бойынша ақпараттар берілді.
Бүгінгі таңда, қалада 4096 балаға 71 спорт түрінен тегін спорт секцияларын ұйымдастыру үшін жергілікті бюджеттен (жан басына шаққандағы қаржыландыру) 339,8 млн. теңге қаржы бағытталған. Одан бөлек, өткен жылғы 6 айдың қорытындысымен салыстырғанда қалада спорт нысандар саны 34 бірлікке артып, 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Бауыржан Тұманбаев спорттық жетістіктерге тоқталып, 2021 жылдың 8 айындағы көрсеткіште қала спортшылары спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттары, кубоктары мен біріншіліктеріне қатысып, 408 алтын, 315 күміс, 352 қола медаль жеңіп алғанын айта кетті.
Сонымен қатар, басқарма тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында тұрақты түрде мекеме қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырғандығынан хабардар етті.