Шымкенттік үш тұрғын балабақшаға жұмысқа орналасу үшін алаяққа 12 млн теңге берген

0
753

Ол бұрын осыған ұқсас қылмысы үшін сотталған Түркістан облысының тұрғыны болып шықты.


Шымкенттік үш тұрғын балабақшаға жұмысқа орналасу үшін алаяққа 12 млн теңге берген
ERNUR.KZ. Шымкент тұрғындары балабақшаға жұмысқа орналасу үшін алаяққа 12 млн теңге берген.


Шымкент қаласы Еңбекші АПБ-на алаяқтық туралы арызбен үш азаматша жүгінді. Жәбірленушілердің айтуынша, бейтаныс әйел оларды балабақшаға тәрбиеші етіп жұмысқа орналастыруға уәде берген. Қаскүнем бұл қызметі үшін сенгіш әйелдердің әрқайсысынан қомақты ақша алған. Келтірілген жалпы шығын көлемі - 12 миллион теңге.
Аталған жайт бойынша полицейлер тергеуді бастады.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер күдіктіні анықтап, ұстады. Ол бұрын осыған ұқсас қылмысы үшін сотталған Түркістан облысының тұрғыны болып шықты.
Қазіргі таңда, әйел қамауда.
Полиция департаменті азаматтарға алаяқтардың айласына түспеуді, бейтаныс адамдарға сенбеуді және ақша аудармауды, тек тиісті мекемелерден қызмет алуды ескертеді.