Шымкенттік жастарға 300 пәтер жалға беріледі

0
3 944

Баспаналар «Жаңа Тұрлан», «Тұран» және «Асар 2» шағынаудандарынан беріледі.


Шымкенттік жастарға 300 пәтер жалға беріледі

Шымкентте «Жастар» бағдарламасы сатып алу құқығынсыз тұрғын үйді жалға беру бойынша 25-27 қаңтар аралығында 3 648 өтінім келіп түсті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қалалық тұрғын үй басқармасы осц жылдың 4-ші ақпан күні сағат 00:00-ден бастап 24 сағат ішінде берілген өтінімдердің қатесін түзету үшін құжаттарды қайта толықтыруға мүмкіндік беріп отыр. Ол үшін shymkent-baspana.kz ақпараттық жүйесінде ашылған жеке кабинетке керекті құжатты қайта жүктеуге болады. Сала мамандары азаматтардан тіркеген құжаттарды қосымша тексерулерін сұрайды.


Қазіргі таңда тапсырылған құжаттарды зерделеу мен бағдарлама талаптарына сәйкестігін тексеру жұмыстары жүргізілуде. Конкурс нәтижесі 15 наурыз күні анықталып, пәтер алушылармен келісім-шарт жасалады. Тұрғын үйлер сатып алу құқығынсыз 5 жыл мерзімге жалға беріледі.


Тұрғын үй басқармасының дерегінше бағдарлама талаптарына сәйкес келмейтін азаматтардан да өтінім түскен. Олардың өтінімдері кері қайтарылады.


Шымкентте жастарға жалдамалы тұрғын үй үлестіруге бұл жолы 300 пәтер қарастырылып отыр. Баспаналар «Жаңа Тұрлан», «Тұран» және «Асар 2» шағынаудандарынан беріледі.