Шымкенттің Арбатын сызып кететін сотқарларға тоқтау болмай тұр (фото)

0
2 871

"Әрине, оны әкім не әкімдік істемейді"...


Шымкенттің Арбатын сызып кететін сотқарларға тоқтау болмай тұр (фото)

Өткен жылдың желтоқсан айында Шымкент қаласының орталығынан ашылған Арбатты бұзақылар бүлдіруін қояр емес, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұловтың халық алдындағы есебінде жарыссөзге шыққан корей этно-мәдени бірлестігінің жетекшісі, педагог Роза Пак, соңғы уақытта шаһардың жаңа қасбетке ие болып, көркейіп келе жатқанын сөзге тиек еткен болатын. Әсіресе, Қошқар Ата өзенінің жағалауы күрделі жөндеуден өткеннен кейін әдемі демалыс аймағына айналғанын айтады.

Десе де, өскелең ұрпақ қала басшылығының орасан еңбегін еш етіп, «вандализммен» айналысып жүргені көңілге кірбің түсіріп отырғандығын, сондықтан, мәдени-демалыс орындарын көпшілік болып, бір кісідей сақтап қалуға шақырған еді.


"Жаңа ашылған Арбат - ол үлкен мәдениеттің белгісі. Оның ашылуы қалалықтар үшін мереке болған еді. Бірақ, кеше ғана Арбаттан өтіп бара жатып отыратын орындықтарда бірдемелер жазылып, бір жерлері сынғанын аңғардым. Әрине, оны әкім не әкімдік істемейді. Біз ұрпақты отбасымызда тәрбиелеуіміз қажет. Түсінесіздер ме"?!, - деді Роза Викторовна.



Қоғам белсендісінің сөзінен кейін Арбатты араладық. Өкінішке орай, сөзінде жан бар екен.



Бұзақылар Арбаттағы орындықтарға шегемен сызып есімдерін жазып, кейбірінің ағашын жырып тастаған.



Шырайлы шаһарға көрік беріп тұрған Арбаттың жағдайы аз уақыт ішінде осындай күйге түскен.