Қала аумағында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында өзендер мен көлдердің жағалауларын тазалау, ретке келтіру іс-шаралары жалғасуда.
Қала жастары Әл-Фараби ауданы аумағындағы Бадам өзенінің бойында тазалық жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараға еріктілер және ҮЕҰ өкілдері, жалпы 40-қа жуық белсенді жас қатысты. Жастар өзен бойын қалпына келтіріп, қалдықтар мен қоқыстарды тазалау жұмыстарын атқарды.