"Тегін кілем"Шымкентте жиналған жұрт бір-бірін таптап кете жаздады

0
2 214

Дүкен иелері акцияның тоқтағанын айтып, кілем беруден бас тартты.


Шымкентте тегін кілем таратамыз деп жеңілдік жариялаған дүкен иесі тегін кілем беруден бас тарты. Жиналған жұрт шу шығарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жаңадан ашылған дүкендердің бірінде дәл бүгін келген 500 адамға тегін кілем таратамыз деп, акция өткізетінін жариялаған. Оны естіген халық дүкенге қарай бас қояды. Бірақ оның барлығына тегін кілем жетпеген.

Ашуға булыққан халық жанталасып, жанжал шығарды. Ал дүкен иелері акцияның тоқтағанын айтып, кілем беруден бас тартқан.

- Бүгін карантин режимі бұзылғанына байланысты біз кілем тарата алмаймыз. Акцияны тоқтатамыз. Осыдан кейін кілем таратпаймыз, - деп мәлімдеді дүкен өкілі.


Дүкен маңына полиция қызметкерлері келіп, жиналған жұртты таратты. Адам көп болғандықтан, кілем дүкені ғана емес, оған жақын маңдағы дүкендер де жабылды.