Түрмеге дронмен “сәлемдеме” жіберген шымкенттік азаматтар ұсталды

0
807

“Сәлемдемені” ашу кезінде оның ішінен өзгеше исі бар жасыл түсті зат шыққан.


Түрмеге дронмен “сәлемдеме” жіберген шымкенттік азаматтар ұсталды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Түрмеге дронмен “сәлемдеме” жіберген шымкенттік азаматтар ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, қызметкерлер кешкі тексеру кезінде мекеме қоршауының үстінен ұшып «сәлемдемесін» тастап, егесіне қайта оралған дронды байқаған. Бірақ, қызметкерлер зат тасымалдаушы «курьерді» ұстап үлгермеген.

Қызметкерлер мұндай оқиғамен бұрын-соңды бетпе-бет келмегенін айтады. Олардың айтуынша, дронға байланған затты «тастап» кетудің жолы шебер ойластырылған, Ол үшін басқару арқылы дронды ары-бері шайқайды. Сол кезде дронның қанаттары зат байланған жіпті қиып жібергенде «сәлемдеме» түсіп қалады екен.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылған. Ораманы ашу кезінде оның ішінен өзгеше исі бар жасыл түсті зат шыққан. Аталған зат сол арада сараптамаға жіберілді.
"Жедел топ қызметкерлері дрон операторының басқаруындағы көлікті байқап, орталық бақылау басқармасының камералары арқылы ізіне түскен. Нәтижесінде, оператор мен жүргізуші тұрган үйден екі дрон мен өзге де заттар тәркіленді", - делінген баспасөз хабарламасында.
Бүгінгі таңда тапсырысты әүемен жеткізіп берүшілердің ісімен тергеушілер айналысып жатыр. Оларға 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі бар.