«Улы газдың алдын алу»: Шымкентте оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді

0
659

Іс-шара барысында улы газдың алдын алу бойынша сақтық шараларын түсіндірілді.


«Улы газдың алдын алу»: Шымкентте оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Улы газдың алдын алу» бойынша Терешкова атындағы №31 жалпы орта мектеп оқушыларына түсіндірме жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған үсіндірме жұмыстарының мақсаты - төтенше жағдайларда болуы ықтимал апат оқиғалары кезінде алғашқы көмек көрсете білудің қарапайым жолдарын үйрету және улы газдан улану қауіпі салдарының алдын алу.

Іс-шара барысында азаматтық қорғау аға лейтенанты, улы газдың алдын алу бойынша сақтық шараларын түсіндіріп, тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі мен көп қабатты тұрғын үйлердегі балалардың қауіпсіздігі жөнінде де бірқатар ақпараттар айтты.

Айта кетейік, Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтың тапсырмасына сәйкес, газтехникалық инспекция бөлімі мен аудандық әкімдіктер және де Төтенше жағдайлар департаменті бірлесе отырып, тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде. Жыл басынан бері, бөлім қызметкерлері қала тұрғындарына қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары барысында 25 мың дана хабарлама таратты.

Сонымен қатар, тұрғындардың газ пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша теле арнада апта сайын 5 видеоролик көрсетілді және интернет ресурстарында да жарияланды. Газдан улану бойынша оқыс оқиғалар көбінесе тұрғындар техникалық талаптары сақтамауы салдарынан орын алып отыр. 2020-2021 жылдың жылыту маусымында қала бойынша улану салдарына 8 адам қайтыс болған. Сонымен қатар, қала аумағында демеушілер есебінен 2019 жылы 776 газ дабылқаққыш, 2020 жылы 1 102 газ дабылқаққыш, 2021 жылы үйлерге бюджет есебінен 2 192 газ дабылқаққыш орнатылған. Ал, құрылысы жүріп жатқан үйлерге 2022 жылы бюджет есебінен 2 424 газ дабылқаққыш орнатылды.