ERNUR.KZ. Биыл тұңғыш рет ұйымдастырылған жамбы атудан ересектер арасындағы Азия чемпионаты Шымкент қаласында өтті.
14-19 сәуір күндері 14 мемлекеттен келген 60 мерген үшінші мегаполисте ұлттық спорттан бақ сынады. Олар Индонезия, Кувейт, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Оман, Өзбекстан, Пәкістан, Ресей, Сауд Арабиясы, Сирия, Тайвань, Таиланд және Қазақстан мемлекетінің спортшылары.
Жарыс қорытындысы:
«Мажар» стилі бойынша 1-орын: Сауд Арабиясының спортшысы Hisham Ali R Al-Tamimі
«Корей» стилі бойынша 1-орын: Сауд Арабиясының спортшысы Hisham Ali R Al-Tamimі
«Түркі» стилі бойынша 1-орын: Қазақстанның спортшысы Батыр Бексауыт
«Жамбы» стилі бойынша 1-орын: Сауд Арабиясының спортшысы Hisham Ali R Al-Tamimі
Чемпионатта 1-орын иеленген әр спортшыға 500 000 теңге көлемінде қаржылай сыйақы табысталды. Ал, екінші орын алғандар 300 000 теңге алса, үшінші орынға жайғасқандарға 200 000 теңге берілді.