15 жастағы қазақстандық фристайлдан Әлем чемпионатында «қола» алды

0
2 651

Анастасия Городко әлемдік сында алғаш рет үздік үштікке енді.


15 жастағы қазақстандық фристайлдан Әлем чемпионатында «қола» алды

ERNUR.KZ. Алматыда өтіп жатқан фристайл-могулдан Әлем чемпионаты барысында «параллельді могулдан» әйелдер арасындағы жеңімпаздар анықталды, деп жазады Olympic.kz.

Бұл сында Қазақстан қоржыны қола жүлдемен толықты. 15 жастағы қазақстандық Анастасия Городко әлемдік сында алғаш рет үздік үштікке енді. Кіші финалда Городко канадалық Софья Гэгнонмен жарысып, қарсыласынан оқ бойы озық болды. Алтын жүлдені ресейлік Анастасия Смирнова, күмісті оның отандасы Анастасия Лазаренко иеленді.

Осылайша, Анастасия Городко Қазақстан командасы үшін фристайл-могулдан үшінші медальді жеңіп алды. Кеше Юлия Галышева – күміс, Павел Колмаков қола медаль алған еді.

Еске салайық, фристайл-могулдан әлемдік дода Шымбұлақта өтіп жатыр.