2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының тұмары таныстырылды

0
838

Жазғы Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті алдағы Париж ойындарының ресми тұмарларын таныстырды.


2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының тұмары таныстырылды

ERNUR.KZ. 2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының тұмары таныстырылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Жазғы Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті алдағы Париж ойындарының ресми тұмарларын таныстырды.

Олимпиада тұмарлары – фригия қалпақтары, оларға Фриги атауы берілді.

Фригия қалпағы – 1978 жылғы Ұлы Франция революциясының символына айналған көне бас киім.
Тұмар ретінде жасалған 2 фриги калпағына да «әйел жынысты» бейне берілген.

Олимпиаданың тұмары кроссовка киген, ал Паралимпиада тұмарының бір аяғы – протез. Көздерінің ұшында Франция Туы түріндегі кірпіктері бар. Екі қалпақтың да түсі – қызыл.

Бұған дейін Франция ойындарды 1992 жылы өткізген еді. Ондағы ойындардың тұмары Maджик гномы болған.