Алматыда семсерлесуден Әлем Кубогын сарапқа салған Almaty Jastar Saber Cup 2022 ойындары басталды.
ERNUR.KZ. Жарыстың бірінші күнінде жеке сында бақ сынаған Әдемі Серікбай жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтеріле алды, деп жазады zakon.kz.
Алдын ала жекпе-жектерді сәтті игерген Әдемі ширек финалда Өзбекстан спортшысын 15:9 есебімен жеңді, деп хабарлайды Қазақстан семсерлесу федерациясының баспасөз қызметі.
Алайда, жартылай финалда отандасымыз осы сайытағы алтын медаль иегері атанған Оңтүстік Кореяның спортшысы Ким Наайға жол берді.
6 қарашада Әдемі Серікбай мен Қазақстан құрамасы мүшелерінің командалық жарыстарда жүлдегерлер тізімінен көріну мүмкіндік бар екенін еске сала кетелік.