Бұл титулдық жекпе-жек он екі раундқа жоспарланған болатын.
ERNUR.KZ. Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) Миннеаполисте (АҚШ) өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп жазады baq.kz.
Ол WBA нұсқасы бойынша супер орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін кубалық Дэвид Моррельмен (7-0, 6 КО) жекпе-жек өткізді.
Бұл титулдық жекпе-жек он екі раундқа жоспарланған болатын. Моррель12-ші раундта нокаутпен ұтып кетті.
Осылайша, Дэвид Моррель кәсіпқой мансабындағы сегізінші жеңісіне қол жеткізіп, чемпиондық белбеуін қорғап қалса, Айдос Ербосынұлы кәсіпқой рингтегі алғашқы жеңілісіне ұшырады.