Облыстық дене шыныықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, футбол академиясы «Алтай» клубына көшіріледі.
ERNUR.KZ. «Алтай» футбол академиясы жабылмайды. Қала әкімі спортшы балалардың ата-аналарын сабырға шақырды, деп жазады Алтайньюс.
Жақсылық Омарға тікелей эфир барысында ата-анадан осы жағдайға қатысты сұрау түсті.
– Қалалық спорт басқармасымен сөйлесіп, мән-жайды шешеміз. Клуб жабылмайды, – деді шаһар басшысы.
Облыстық дене шыныықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, футбол академиясы «Алтай» клубына көшіріледі. Сонда жасөспірімдер республикалық чемпионаттарға қатысатын болады. Ешқандай қысқарту болмайды. Жабу туралы да әңгіме жоқ.