"Астана" командасының биылғы маусымдағы бюджеті белгілі болды

0
488

Команда басшылары жиналыс өткізіп, онда сыйақы бойынша өткен жылдың қарыздары жуық арада толып жабылатынын да айтқан.


ERNUR.KZ. Елордалық "Астана" командасының биылғы маусымдағы бюджеті 4,8 миллиард теңге, деп жазады vesti.kz.

Бұл туралы біздің порталға дереккөз хабарлады.

Сонымен қатар, дереккөздің ақпараты бойынша, осы аптада команда футболшылар мен бапкерлердің соңғы айлардағы айлықтарын төлеген.

Команда басшылары жиналыс өткізіп, онда сыйақы бойынша өткен жылдың қарыздары жуық арада толып жабылатынын да айтқан.

Айта кетейік, ҚПЛ 16 турынан кейін "Астана" командасы турнир кестесінде "Ақтөбеден" екі ұпайға қалып, екінші орында келеді.