Ауыр атлетикадан ерлер құрамасының аға жаттықтырушысы қызметінен шеттетілді

0
536

Алматы облыстық Полиция департаменті ауыр атлет Альберт Линдердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғаған болатын.


Ауыр атлетикадан ерлер құрамасының аға жаттықтырушысы қызметінен шеттетілді

ERNUR.KZ. Комиссия ерлер ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы Сергей Седовты қызметінен шеттету туралы шешім қабылдады, деп жазады baq.kz.

"Тергеу барысында комиссия 2021 жылғы 28 қыркүйектен бастап мән-жайлар анықталғанға және қызметтік тергеу жөніндегі Тәуелсіз комиссия тиісті қорытынды шығарғанға дейін ерлер ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы Сергей Седовты қызметінен шеттету туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Алматы облыстық Полиция департаменті ауыр атлет Альберт Линдердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғаған болатын. Осыған байланысты ААФ тергеуге қажетті барлық қолдауды көрсетуге ниетті.