Азия біріншілігінде қазақстандық велоспортшылар үш алтын медаль иеленді

0
539

Михаил Подлужный тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатында Қазақстанға тағы бір алтын медаль әкелді.


Азия біріншілігінде қазақстандық велоспортшылар үш алтын медаль иеленді

ERNUR.KZ. Таиландта өткен Азия біріншілігінде қазақстандық велоспортшылар үш медаль иеленді, деп жазады stan.kz.

9 маусымда қазақстандық Андрей Ремхе андерлер арасында жеке жарыста алтын медаль алды. Шабандоз 30 км қашықтықты 36 минут 11.058 секундта жүріп өтті.

Михаил Подлужный тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатында Қазақстанға тағы бір алтын медаль әкелді. Спортшы 30 км қашықтықта 38 минут 46.35 секундта өтіп, жеке жарыста жеңіске жетті.

Алик Батырхан, Мансұр Бейсембай, Михаил Подлужный, Виктория Марчук, Екатерина Удовикина және Евгения Заам Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы аралас командалық эстафетада 15+15 км қашықтықта Азия чемпионы атанды. Олар жарысты 42 минут 22.153 секундта аяқтады.

Паравелоспорттан жеке жарыста Жұлдыз Қайнарова мен Әйгерім Нұрғали үшінші орынды иеленді. Ал С4 тобының ерлер арасындағы жарыстарында Павел Бабенко қола жүлдегер атанды.