Қазақстандық команда бір алтын, екі күміс және бес қола жүлдеге ие болды.
ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда өткен Азия чемпионатында қазақстандық дзюдошылар медаль саны бойынша төртінші орынға тұрақтады, деп жазады baq.kz.
Біздің команда бір алтын, екі күміс және бес қола жүлдеге ие болды. Барлығы 8 медаль. Жапония, Моңғолия және Өзбекстан командалары үздік үштікте.