Жекпе-жектің 12-раундында Ербосынұлы нокаутпен жеңілді.
ERNUR.KZ. Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлының бапкерлерінің бірі Эмануэль Савой кубалық Давид Моррелге қарсы кездесу неге ерте тоқтатылмағанын айтып берді, деп жазады vesti.kz.
Бұл кездесу 6 қараша күні Мннеаполис (АҚШ) қаласында өтті. Жекпе-жектің 12-раундында Ербосынұлы нокаутпен жеңілді. Кездесуден кейін дәрігерлер оны рингтен зембілмен алып кетті. Ал кеше Айдосқа операция жасалды.
Бас бапкердің көмекшісі Савойдың айтуынша, ол оныншы раундтан кейін кездесуді тоқтатқысы келген. Бірақ боксшының өзі мен бас бапкері Қанат Орақбаев айқасты жалғастыра беруді жөн санаған.
"Негізі менің қолымда ақ орамал болды. Мен оны лақтыруға дайын едім. Бірақ Айдостың өзі кездесуді жалғастырғысы келді. Оның бас бапкері (Орақбаев - ред) де жалғастыруда жөн санады. Қанат Айдостың жағдайын көріп, бәрі жақсы деді.
Нокдауннан кейін де Айдостың жағдайы дұрыс еді. Есінен танған жоқ. Төрешіні танып тұрды. Ол басын көтеріп, кездесуді жалғастырғысы келетінін айтты. Ербосынұлы соңына дейін барғысы келді. Айдос - керемет жігіт.
Қазір мен ол туралы айтқым келмейді. Ойласам уайымдап кете беремін. Тек Айдос тезірек жазылып кетеді деп ойлағым келеді", - деді ол.