​«Барселона» футболшылары Неймардың клубқа оралуына қарсы емес

0
1 415

El Mundo Deportivo баслымының мәліметі бойынша каталониялық команданың ойыншылары әлі де бразилиялық Неймармен өте жақын қарым қатынаста екені белгілі болған.


​«Барселона» футболшылары Неймардың клубқа оралуына қарсы емес

Испанияның «Барселона» командасының президенті Жозеп Бартомеу Неймардың клубқа оралуын футболшылармен бірге талқылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі Испания баслымына сілтеме жасап.

«Барсаның» президенті стадионның киіну бөлмесіне барып, Неймар туралы (2017 жылы ПСЖ құрамына өткен) ұжымның жетекші футболшыларының пікірін білуге тырысқан. El Mundo Deportivo баслымының мәліметі бойынша каталониялық команданың ойыншылары әлі де бразилиялық Неймармен өте жақын қарым қатынаста екені белгілі болған. Сол үшін де «Барселона» футболшылары Неймардың командаға оралуына қарсы емес.
Осы орайда айта кетсек, Неймардың ПСЖ ұжымымен 2020 жылға дейін келісім шарты болып, оған 200 миллион еуро төлейтін команда табылса, Франция клубынан кетуі туралы келісім шартында бөлім бар. Ал, бірнеше күн бұрын Неймардың «Барселонаға» қайта оралу ниетінде екені туралы мәлімет тарқатылған болатын.