Бес төреші де жеңісті бірауыздан қазақстандық боксшыға берген.
ERNUR.KZ. Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатын қазақстандықтар жеңіспен бастады, деп жазады olympic.kz.
Бүгін біздің спортшылар арасынан алғаш болып шаршы алаңға шыққан 81 келідегі Бекзат Нұрдәулетов бірінші кездесуінде жеңіске жетті.
Нұрдәулетов Оңтүстік Корея өкілі Хонг Ингиден басым түсті. Бес төреші де жеңісті бірауыздан қазақстандық боксшыға берген.