Бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші орын алды

0
478

Тайланд төрінде шаршы алаңға шыққан былғары қолғап шеберлеріміздің 5-еуі (ұшеуі ерлер және екеуі әйел) алтыннан алқа тақты.


Бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші орын алды

ERNUR.KZ. Бангкокта 22 жасқа дейінгілер арасында өткен бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды. Байрақты бәсеке 18-26 қаңтар аралығында өтті, деп жазады baq.kz.

Тайланд төрінде шаршы алаңға шыққан былғары қолғап шеберлеріміздің 5-еуі (ұшеуі ерлер және екеуі әйел) алтыннан алқа тақты. Сондай-ақ 3 күміс (ерлер) және 12 қола (бес ер және жеті әйел) жеңіп алды. Осылайша, 25 боксшының 20-сы медальге қол жеткізді.

Бокстан еліміздің ерлер және әйелдер құрамасы Таиланд астанасы Бангкокта 22 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатында бақ сынады. Барлық спортшымызды, жаттықтырушылар штабын және осы бекзат спорттың жанкүйерлерін Ұлттық құраманың жоғары нәтижесімен құттықтаймын!Боксшылар үшін биылғы басты бәсеке – Ташкенттегі әлем чемпионаты және Қытайда өтетін жазғы Азия ойындары. Дәл осы жарыстарға Қазақстан бокс федерациясы мен Мәдениет және спорт министрлігі басымдық беріп, құраманың жұмысына жіті назар аударады.», - деді өз сөзінде Қазақстан бокс федерциясының президенті Кеңес Рақышев.
Ұлттық құраманың боксшылары 28 желтоқсанда Қазақстанға оралады. Бангкоктан бас бапкер Мырзағали Айтжановтың басшылығымен команда Алматы халықаралық әуежайына (елорда уақыты бойынша 16:35) қонады, содан кейін құраманың бір бөлігі Астанаға ұшып келеді (21:35).