Ширек финалда 91 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін отандасымыз Үндістан елінің өкілі Гаурав Чауханмен кездесті.
ERNUR.KZ. Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Тайландтағы Thailand Open халықаралық турнирінің жартылай финалына шықты, деп жазады Vesti.kz.
Ширек финалда 91 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін отандасымыз Үндістан елінің өкілі Гаурав Чауханмен кездесті. Бұл жекпе-жекті Оралбай төрешілер шешімімен жеңді.
Еске салайық, осыған дейін аталған турнирдің жартылай финалына Сағындық Тоғамбай (91 келі), Аятулла Тәкежанов (75 келі) және Нұрбек Оралбай (81 келі) шыққан болатын.