Бұрынғы спорт министрі футбол федерациясының президенттігіне кандидатурасы туралы түсініктеме берді

0
242

Бұл туралы ол 13 қарашада Instagram-да айтты.


Бұрынғы спорт министрі футбол федерациясының президенттігіне кандидатурасы туралы түсініктеме берді

Сурет: Instagram/ermek_marzhyqpaev

ERNUR.KZ. Премьер-Министрдің кеңесшісі Ермек Маржықпаев өзінің Қазақстан футбол федерациясының басшысы лауазымына ықтимал кандидатурасы туралы алып-қашпа әңгімеге пікір білдірді, деп жазады zakon.kz.

Бұл туралы ол 13 қарашада Instagram-да айтты.

"Құрметті достар! Қазақстан футбол федерациясының президенті лауазымына менің кандидатурамды ұсыну бойынша ақпаратқа түсініктеме беріп өтейін. Менің бұл қызметті атқаруға еш жоспарым жоқ. Сіздер сияқты мен де футбол жанашырмын. Сондықтан да бұл #1 спортта біздің ұлы жеңістеріміз әлі алда екеніне сенімдімін",- деп жазды ол.

Бұған дейін қазақстандық конькишілердің Жапонияда өтетін төрт құрлық чемпионатында бақ сынайтындығы хабарланған болатын.