Дзюдодан биылғы Азия чемпионаты қарашада өтуі мүмкін

0
539

Құрлықтық біріншілік Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында өткізілмек.


Дзюдодан биылғы Азия чемпионаты қарашада өтуі мүмкін

ERNUR.KZ. Дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы 2020 жылғы Азия чемпионаты қарашада өтуі мүмкін, деп жазады inbusiness.kz.

Азия дзюдо одағының мәліметі бойынша, құрлықтық біріншілік Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында өткізіледі.

Айта кетерлігі, Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесі бойынша аталған біріншілік 2020 жылдың 18-20 сәуір күндеріне жоспарланған еді. Коронавирус пандемиясына байланысты жарыс кейінге шегерілген болатын.