Бокс кешінде Фируза Шәріпованың қарсыласы ресейлік Любовь Белякова болды.
ERNUR.KZ. Қазақстандық боксшы Фируза Шәріпова елордада өткен «Көшпенділер шайқасы» (Битва кочевников) бокс кешінде қарсыласын нокаутпен жеңді, деп жазады ҚазАқпарат.
Бокс кешінде Фируза Шәріпованың қарсыласы ресейлік Любовь Белякова болды. Ол Украинаның тай боксы бойынша бірнеше рет чемпионы атанған, Тайландта өткен халықаралық бокс турнирінің жеңімпазы, сондай-ақ, Ресей Кубогы-2020 иегері. Л. Белякова үшін бұл кәсіби бокстағы дебюд шайқасы болды. Жерлесіміз екінші раундта ресейлік боксшыны нокаутпен жеңді.
Осылайша Ф. Шәріпова кәсіби бокста 14-ші жекпе-жегін жеңіспен аяқтап отыр. Айта кетсек, Шәріпова биыл сәуірде ресейлік боксшы Юлия Чернобородовамен жұдырықтасып, оны да нокаутқа аттандырған еді.