Футбол матчі кезінде ойыншы көз жұмды

0
936

Алжирдің "Саида" клубының футболшысы Софьян Лукар ел чемпионатының екінші дивизионының матчінде инфаркттан қайтыс болды.


Футбол матчі кезінде ойыншы көз жұмды

ERNUR.KZ. Бұл туралы Кәсіби футболшылар қауымдастығының халықаралық федерациясының (FIFPRO) баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Vesti.kz.

"Саида" мен "Оран" ойнында 28 жастағы футболшы өз командасының қақпашысымен соқтығысып қалды. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін Лука алаңға оралды, бірақ он минуттан кейін инфаркт алып, құлаған.

Лукарды жедел жәрдем шұғыл алып кеткенімен, ауруханаға барар жолда жүрек талмасынан қайтыс болды.