Головкин "суперчемпионмен" айқас өткізу үшін Жапонияға жетті

0
633

Кездесу 9 сәуір күні Жапонияның Сайтама қаласында өтеді.


Головкин

ERNUR.KZ. Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) WBA Super белбеуіне ие Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жекпе-жек өткізу үшін Жапонияға ұшып барды, деп жазады Vesti.kz.

Бұл кездесу 9 сәуір күні Жапонияның Сайтама қаласында өтеді.

Головкиннің Жапонияға жеткенін отандасымыздың промоутері Том Леффлер Instagram парақшасында жазды.

"Қыран қонды. GGG-дің командасы Жапонияда. Головкин мен Мурата арасындағы айқасқа дайынсыздар ма?", - деп жазды Леффлер.

Еске салайық, Головкин соңғы мәрте шаршы алаңға 2020 жылы желтоқсан айында шыққан еді. Ал оның қарсыласы болса соңғы рет 2019 жылдың соңында жекпе-жек өткізді.