Қазақстандық боксшының стримингпен келісімшарты алты жекпе-жекке есептелген
ERNUR.KZ. DAZN стримингтік сервисінің Геннадий Головкинға компаниямен келісімшарт аясында өткізген жекпе-жек үшін қанша ақша төлейтіні белгілі болды, деп жазады ҚазАқпарат.
Boxingscene.com тілшісі Кит Айдектің жазуынша, DAZN қазақстандық боксшыға әрбір жекпе-жегі үшін 15 миллион доллар төлеген.
Еске сала кетсек, Головкиннің DAZN платформасындағы алғашқы айқасы есімі көпке танымал емес канадалық боксшы Стив Роллспен өтіп, төртінші раундта GGG қарсыласын нокаутқа жіберген. Екінші жекпе-жек орта салмақта IBF әлем чемпионы атану үшін Украина боксшысы Сергей Деревянченкомен өткен. Төрешілердің ортақ шешімімен, бұл жекпе-жек Головкиннің жеңісімен аяқталды.
Атап өтсек, қазақстандық боксшының стримингпен келісімшарты алты жекпе-жекке есептелген.