Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында үздік шықты

0
731

Иорданияның Хашимит қаласында 17 және 23 жасқа дейінгі балуандар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында “классиктер” командалық есепте топ жарды.


Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында үздік шықты

ERNUR.KZ. Грек-рим күресінен Қазақстан жастар құрамасы Азия чемпионатында командалық есепте топ жарды, деп жазады stan.kz.

Иорданияның Хашимит қаласында 17 және 23 жасқа дейінгі балуандар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында “классиктер” командалық есепте топ жарды. Үш балуанымыз қарсылас шақ келтірмей, алтыннан алқа тақты. 55 келіде Ербол Камалиев чемпион атанса, Нұрсұлтан Базарбаев 63 келіде финалда Анкит Анкитті жеңіп, жеңімпаз атанды. Одан бөлек, Бақдәулет Азамат пен Асылбек Жәнібекұлы қола жүлдегер атанды.

Айта кетейік, бұған дейін 72 келіде белдескен Мерей Мәулітханов қарсылас шақ келтірмей, Азия чемпионатының жеңімпазы атанғанын жазған едік.