Испания құрамасының ең жас ойыншысы ӘЧ тарихына кірді

0
635

Гави Коста-Рикамен матчтің 74-минутында гол соқты.


Испания құрамасының ең жас ойыншысы ӘЧ тарихына кірді

ERNUR.KZ. Испания құрамасының қорғаушысы Гави (18 жас 110 күн) 1958 жылдан бері әлем чемпионатында гол салған ең жас ойыншы болып отыр, деп жазады vesti.kz.

Әлем чемпионаты тарихында Гавиден жастау шағында екі футболшы ғана гол салған. Ол әйгілі Пеле 1958 жылы 17 жас 249 күн және 1930 жылғы ӘЧ-де мексикалық Мануэль Росас 18 жас 93 күнінде.

Еске салайық, Гави Коста-Рикамен матчтің 74-минутында гол соқты. Бұл ойын 7:0 есебімен аяқталғанын айта кетейік.

27 қарашада Жапония - Коста-Рика, Испания - Германия матчтері өтеді.