Жергілікті федерация марқұмның отбасына көңіл айтты.
ERNUR.KZ. 19 жастағы лайнсмен Фернандо Алькарас Берналь "Монтикасильяс" және "Сан-Хинес" арасындағы Мурсия аймағының матчі алдында жаттығып жатып көз жұмды, деп жазады vesti.kz.
Фернандо ес-түссіз құлаған екен. Дәрігерлер оны құтқарып қала алмаған.
Жергілікті федерация жас төрешінің отбасына көңіл айтты.