Тізімге енген 610 клубтың ішінде Қазақстанның жалғыз өкілі бар.
ERNUR.KZ. АҚШ-тың БАҚ өкілдері әлемнің ең үздік командаларының тізімін жариялады, деп жазады Vesti.kz.
Тізімге енген 610 клубтың ішінде Қазақстанның жалғыз өкілі бар. Ол "Қайрат" клубы. Алматылықтар 381 орынға тұрақтапты. Дегенімен аталмыш рейтингте халықтың командасы 47 орынға түсіп кеткен.
Соның өзінде "Қайрат" Англияның "Уиган" (400 орын), Германияның "Нюрнберг" (413 орын), "Ганновер" (434 орын) және Испанияның "Малага" (463 орын) клубтарынан жоғары тұр.
Нұралы Әліп ойнайтын Ресейдің "Зениті" рейтингте 40 сатыға жайғасқан. Бахтиер Зайнутдиновтың ЦСКА-сы 152, ал Марат Быстров өнер көрсететін Грозныйдың "Ахматы" 279 сатыда.Рейтингте "Манчестер Сити" көш бастап тұрса, екінші орында "Бавария" ал үздік үштікті "Ливерпуль" түйіндеп тұр.