"Канело" күтпеген жерден Биволдан жеңіліп қалды

0
925

Бұл айқас Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласындағы T-Mobile спорт кешенінде өткен бокс кешінің басты жекпе-жегі болды.


ERNUR.KZ. Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес ресейлік Дмитрий Биволдан күтпеген жерден ұтылып қалды, деп жазады Vesti.kz.

Бұл айқас Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласындағы T-Mobile спорт кешенінде өткен бокс кешінің басты жекпе-жегі болды.

Кездесу 12 раунд болды. Жекпе-жек алдында аутсайдер саналған Бивол "Канелоны" біраз қинап, жеңіске жетті. 12 раундтық қорытындысы бойынша үш төреші де 115-113 есебімен жеңісті ресейлік боксшыға берді.

Айта кетейік, сурер орта салмақта әлемнің абсолютті чемпионы деген атағы бар Альварес карьерасында екінші рет жеңілді. Оның еншісінде 57 жеңіс бар. Ал Бивол болса 20 рет жеңіске жетті. Ресейлік мүлде жеңілмеген.