"Канело" келесі айқасын Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) өткізетіні белгілі болды.
ERNUR.KZ. Промоутер Эдди Хирн ресейлік Дмитрий Биволмен (20-0, 11 KO) келіссөз өткізіп, мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (57-2-2, 39 КО) қарымта жекпе-жек қашан өтетінін айтты, деп жазады Vesti.kz.
Мұның алдында "Канело" келесі айқасын Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) өткізетіні белгілі болды, бұл жекпе-жек 17 қыркүйекке белгіленді.
"Бивол және оның командасымен сөйлестім, Біз қарымтаны келесі жылы Синко де Майо уақытында өткізу бойынша жұмыс істеп жатырмыз. "Канело" бұл айқастан бас тартпайтыны сөзсіз", - деп береді Хирннің сөзін FightSpace.